бейсенбі, 8 қазан, 2026 12:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қымбат көлігі мен депозиті болса, жәрдемақыдан қағылуы мүмкін: енді мұқтаждық деңгейге байланысты тағайындала бастайды

Қымбат көлігі мен депозиті болса, жәрдемақыдан қағылуы мүмкін: енді мұқтаждық деңгейге байланысты тағайындала бастайды
Primeminister.kz
Үкімет тиісті төлемдердің тізімін бекітті.

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың бір бөлігі отбасының мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындала бастайды. Үкімет тиісті төлемдердің тізімін бекітті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Отбасының цифрлық картасында «жоғары» және «ауқатты» санаттарына (А және В деңгейі) жататын азаматтарға бірқатар әлеуметтік төлемдер берілмейді, ал оны алып жүргендердің жәрдемақысы тоқтатылады.

Бекітілген тізімге сәйкес:

бала тууына байланысты,

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі,

көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға,

мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылғандарға берілетін төлемдерді қосқанда барлығы 10 мемлекеттік жәрдемақы мұқтаждық критерийімен тағайындалады.

Сонымен бірге жерлеуге берілетін біржолғы төлемде де азаматтардың әл-ауқаты ескеріледі. Ал мүгедектігі бар балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, қос ата-анасынан айырылған жетімдерге және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бұл шектеу қолданылмайды.

Отбасының әл-ауқат деңгейі кіріс, несие, баспана және өзге де мүлік бойынша Цифрлық карта арқылы автоматты түрде анықталады. Егер азаматтар кейіннен ай сайынғы бағалау қорытындысымен осал топ санаттарына өтсе, төлемдерді қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен бірге жәрдемақы алу үшін өтініш берушілер отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінің дербес деректері мен несиелік міндеттемелерін тексеруге міндетті түрде келісім беруі шарт.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұқтаждықты бағалау арқылы берілетін 14 түрлі төлемнің тізімін ұсынған болатын. Үкімет қаулысында бұл бағыттар біріздендіріліп, нақты нормативтік талаптар ретінде бекітілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар