сәрсенбі, 7 қазан, 2026 17:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте аспанға оқ атқан жігіт ұсталды

Шымкентте аспанға оқ атқан жігіт ұсталды
polisia.kz
Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында мейрамханалардың бірінің маңындағы құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев тойдан шығып, сигналды тапаншамен аспанға оқ атып, айналасындағыларға қауіп төндірген.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Одан бөлек, түнгі тыныштықты бұзу және қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану деректері бойынша айыппұл салынды.

Полиция ескертеді: қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар