Таиландқа барған турист жүгіндегі тамағы үшін сотталып кете жаздады
- авторОймақ
- Бүгін, 08:16
- 17
Жергілікті кеден қызметкерлері оның жүгінен бес келіден аса әкелуге тыйым салынған азық-түлік тапқан, - деп хабарлайды Tengri Travel Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Турист өзімен бірге төс еті, кептірілген және ысталған балық, майшабақ, бірнеше шұжық пен сосиска алып барған. Әуежайдан шығар кезде қызметкерлер оның чемоданын рентген арқылы тексеріп, ішіндегі тағамдарды байқап қалған. Ер адамға екі таңдау ұсынылған: азық-түлікті тастап кету немесе 1000 бат, яғни шамамен 14 мың теңге айыппұл төлеу. Ол екінші нұсқаны таңдаған. Бақылау аймағынан шығып, ақша шешіп әкеліп, айыппұлды төлеген.
Таиландқа ет пен ет өнімдерін тіпті аз мөлшерде де кіргізуге болмайды. Бұл талапты бұзғандарға бірнеше жүз мың батқа дейін айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ, қазір әуежайдағы бақылау күшейтілгені айтылады. Тыйым салынған азық-түлікті іздеуге кинологтар қызметінің 33 биглі жұмылдырылған.
Mash мәліметінше, басқа жолаушылардан тәркіленген кей өнімдер кейін туристерге данасы 100 баттан, яғни шамамен 1400 теңгеден қайта сатылуы мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





