жексенбі, 4 қазан, 2026 18:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы тауларында жоғалып кеткен Корея азаматына іздеу жалғасуда

Алматы тауларында жоғалып кеткен Корея азаматына іздеу жалғасуда
istockphoto
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу-құтқару операциясының барысы туралы мәлімет берді.

Алматы тауларында жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу-құтқару операциясының барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, іздеу жұмыстарына таулы жер бедері, тексерілетін аумақтың үлкендігі және биіктік айырмашылығы кедергі келтіріп отыр.

Құтқарушылар жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс істеп жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылған. Жалпы 102 адам, 11 техника, кинологиялық қызметтің төрт тобы, алты дрон және ТЖМ авиациясы тартылған.

"Іздеу жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. Құтқарушылар жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс жүргізуде", – деп хабарлады ТЖМ.

Еске салайық, 28 қыркүйекте 73 жастағы шетелдік азамат бір топ адаммен бірге "Шымбұлақ" аспалы жолымен көтерілген. Кейін ол әріптестеріне маршрутты өз бетінше жалғастырып, қалаға ешкімнің көмегінсіз жетуге ниетті екенін айтқан. Алайда қонақүйге оралмаған.
Осыдан кейін іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар