Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі Ақжол Темірхан 3 қазанда Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріндегі мерзімді әскери қызметін аяқтап, дәл осы күнді асыға күтіп отырған отбасына оралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист әрі блогер Азамат Сәрсенбаев жазды. Оның айтуынша, Ақжол үшін әскерден оралатын бұл күн өзге сарбаздардікіндей қуанышпен өткен жоқ.
«Әдетте сарбаздар үшін мұндай ерекше күндер қуанышқа, естелік суреттерге және өмір бойы жалғасатын әскери достыққа толы болады. Бірақ Ақжолдың жағдайы бөлек. Ол – Маңғыстаудан әскерге шақырылып, сол қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз сарбаз. Қаза тапқан қаруластарының естелігі мен ауыр жүгін арқалап жүрген де – сол», – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Оның сөзінше, алдағы уақытта Ақжол ата-анасымен бірге қаза тапқан қаруластарының отбасыларына барып, жақындарына көңіл айтуды жоспарлап отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






