бейсенбі, 1 қазан, 2026 13:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оңтүстік Кореяда қазақстандық құрылысшы қаза тапты

Оңтүстік Кореяда қазақстандық құрылысшы қаза тапты
Фото: Yonhap
Қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде құрылыс кезінде қаза тапты. Сыртқы істер министрі де аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кореялық басылым Yonhap-тың мәліметінше, оқиға сейсенбі күні болған. Бетоннан жасалған төбенің бір бөлігі опырылып құлап, қазақстандық соның астында қалып қойған. Оңтүстік Кореяның еңбек министрі марқұм шамамен 30 жастағы ер адам. Ол пәтердің 23-қабаттың бірінде тазалау жұмыстарын күтіп отырған. Қайғылы оқиға сол жерде орын алды.

Агенттік елдің Еңбек министрлігі нысандағы жұмыстарды дереу тоқтатып, полициямен және құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету органдарымен бірлесіп тергеуді бастағанын айтты. Оңтүстік Корея полициясы мен Еңбек министрлігі апаттың себептерін зерттеп, құрылыс салушылар еңбек қауіпсіздігі туралы заңды бұзғанын немесе бұзбағанын анықтамақ.

Аталмыш оқиғаға Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді. Өз жауабында марқұмның қаза болғанын министрлік растады.

“Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр," - деп жауап берді министрлік.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар