Қазақстандағы байлықтың 13,1%-ы ең ауқатты 0,1% халыққа тиесілі
- авторОймақ
- Бүгін, 07:10
- 94
Бұл туралы экономист Андрей Чеботаревтың Finance.kz Telegram арнасы жазды.
Ол Visual Capitalist платформасының World Inequality Database базасындағы 2024 жылғы деректерге сүйеніп жасаған картасына назар аударған. Зерттеуге сәйкес, 27 елде ең бай 0,1% халықтың байлығы әл-ауқаты төмен 80% тұрғынның жиынтық байлығынан асып түседі. Қазақстан бұл тізімге енбеген.
Чеботарев мұнда табыс емес, жинақталған байлық есепке алынғанын атап өтті. Оған тұрғын үй, бизнес, инвестициялар мен жинақтар кіреді. Бұл активтердің құнынан қарыздар шегеріледі.
Ең ауқатты 0,1% халыққа тиесілі байлық үлесі Ресейде 32,2%, Оңтүстік Африка Республикасында 29,9%, Үндістанда 29,7% болған. АҚШ-та бұл көрсеткіш 18,4%-ды құрайды.
Экономист келтірген деректер бойынша, Қазақстанның көршілері арасында ең бай 0,1% халықтың үлесі Өзбекстанда 10,4%, Қырғызстанда 9,8%, Тәжікстанда 9,7% деңгейінде.
Чеботаревтің бағалауынша, осы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы байлықтың шоғырлануы посткеңестік елдер аясында салыстырмалы түрде қалыпты көрінеді. Елде әл-ауқаты төмен 80% тұрғынның жиынтық байлығы ең ауқатты 0,1% халықтың байлығынан әзірге жоғары.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қазгидромет дауылды ескерту жариялады
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында мал шаруашылығына бөлінген 60 млн теңге жымқырылды
- авторОймақ
- 30 қыркүйек, 2026






