Атырау облысы Индер ауданында жасөспірім қаза тапты. Жол-пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына баратын жолда болғаны айтылады.
Басылымның жазуынша, жол-пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
Полиция аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және апаттың мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






