дүйсенбі, 28 қыркүйек, 2026 8:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті
Ақорда
Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы қызметінен отставкаға кететінін жариялады.

Ол 27 қыркүйекте Белградтағы президент әкімшілігінің алдында жиналған жақтастарына сөйлеген сөзінде отставка туралы құжатқа қол қойды. 

Вучич Конституцияның 116-бабының 5-тармағына сәйкес президент қызметінен кететінін мәлімдеді. Дүйсенбі күні ол президент өкілеттігін Сербия парламентінің төрағасы Ана Брнабичке тапсырады. Брнабич жаңа президент сайланғанға дейін мемлекет басшысының міндетін атқарады. 

Вучичтің отставкасы оның екінші президенттік мерзімі аяқталмай тұрып орын алды. Сербия Конституциясына сәйкес, президенттік сайлау отставкадан кейін үш айдан кешіктірілмей өтуі тиіс. 

Бұған дейін Сербия парламенті таратылып, кезектен тыс парламенттік сайлау 25 қазанға белгіленген болатын. Вучич бұл сайлауда Сербияның Прогрессивті партиясынан премьер-министр лауазымына кандидат ретінде қатысуға ниетті екенін мәлімдеген. 

Вучич Сербияны 2017 жылдан бері президент ретінде басқарып келді. Ол бұған дейін премьер-министр қызметін де атқарған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар