дүйсенбі, 28 қыркүйек, 2026 8:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Juzmedia басылымының журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу басталды

Juzmedia басылымының журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу басталды
Juzmedia
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Juzmedia басылымының журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ulysmedia.kz мәліметінше, редакцияға Juzmedia-ның екі қызметкері бопсалау күдігіне байланысты ұсталғаны туралы ақпарат түскен. Алдын ала дерек бойынша, олардың бірі қылмыс үстінде қолға түскен болуы мүмкін. Алайда бұл жайттың егжей-тегжейін ҰҚК әзірге жариялаған жоқ.

Осыған байланысты Ulysmedia.kz ҰҚК-ге ресми сауал жолдап, журналист пен редактордың ұсталған-ұсталмағанын және соталды тергеудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын сұраған.

Комитет соталды тергеу жүріп жатқанын растағанымен, қосымша ақпарат бермеген.

«Соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген ҰҚК жауабында.

Juzmedia туралы

Juzmedia.kz – қазақстандық ақпараттық-ағартушылық портал. Басылымның ресми сайтында Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік және өзге де тақырыптар бойынша материалдар жарияланады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар