сенбі, 26 қыркүйек, 2026 15:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Sadraddin концерті бір күнге кейінге шегерілді

Sadraddin концерті бір күнге кейінге шегерілді
instagram.com/sadraddinn/
27 қыркүйекке жоспарланған концерт 28 қыркүйекте өтеді.

Қазақстандық әнші Sadraddin Маңғыстау облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты Алматы қаласында өтуі тиіс концерттерінің күндері өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі үндеуінде алматылықтарға, қала қонақтарына және тыңдармандарына көңіл айтып, 26 қыркүйекке жоспарланған концерттің 27 қыркүйекке ауыстырылатынын мәлімдеді. Ал 27 қыркүйекке жоспарланған концерт 28 қыркүйекте өтеді.

«Құрметті алматылықтар, қала қонақтары, тыңдармандарым! Маңғыстау облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты 26 қыркүйекке жоспарланған концертім 27 қыркүйекке, ал 27 қыркүйекке жоспарланған концертім 28 қыркүйекке ауыстырылатынын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Осылайша, концертке алдын ала билет алған көрермендер үшін іс-шаралардың күндері бір күнге шегерілді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар