сенбі, 26 қыркүйек, 2026 8:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кінәлілер қатаң жазаланады": Мемлекет басшысы қаза тапқан сарбаздардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

"Кінәлілер қатаң жазаланады": Мемлекет басшысы қаза тапқан сарбаздардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда
Қаралы хаттарls марқұмдардың туған-туыстарына табыстады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнайы көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Қаралы хаттарды Маңғыстау мен Түркістан облыстарының әкімдері, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және қоғам белсенділері марқұмдардың туған-туыстарына өз қолдарымен табыстады.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында қаза тапқан сарбаздардың жақындарына қайғырып көңіл айтып, оларға жан-жақты мемлекеттік көмек көрсетілетінін және оқиғаға кінәлі тұлғалардың заң алдында ең қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ел үшін сіңірген еңбегі ескеріліп, олардың барлығы кейіннен Мемлекеттік наградалармен марапатталатыны ерекше айтылды.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде дауыл соғып, 17 әскери қызметші ашық теңізге ағып кеткен еді. Құтқару-іздестіру операциясының қорытындысы бойынша 3 сарбаз аман қалып, 14 әскери қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. ІІМ бұл іс бойынша Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды тұлғасын қамауға алды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар