"Бұл қайғы - барлық қазақ елінің қайғысы": Қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына барды
- авторОймақ
- Бүгін, 08:03
- 55
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаттарын жеке өзі табыстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Министр қара жамылған отбасыларға мемлекет пен армия атынан теңдессіз қазаға байланысты қайғыра көңіл айтып, орын алған қайғылы жағдай үшін отбасылардан кешірім сұрады.
«Басымды иіп, сіздердің алдарыңызға келіп тұрмын. Көңілімді білдірейін деп. Бұл қайғы сіздердің ғана емес, барлық қазақ елінің қайғысы. Кешіріңіздер. Балаларымызды сақтап қала алмадық. Азаматымыздың иманы саламат болсын. Кінәлілер жазасын алады. Сіздерге сабыр тілеймін», – деді Дәурен Қосанов.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қолдау білдіріп, марқұм сарбаздардың барлығы мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын, ал отбасыларына жан-жақты көмек беріліп, оқиғаға кінәлі тұлғалардың ең қатаң жазаға тартылатынын хабарлаған еді.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде дауыл соғып, 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Құтқару және іздестіру операциясы нәтижесінде 3 сарбаз аман қалып, 14 әскери қызметші қаза тапты. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды тұлғасы қамауға алынып, ІІМ тарапынан кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына «Ұлттық рух» бірыңғай қоры арқылы республика бойынша материалдық көмек жиналып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Әділет" партиясы қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млрд 500 млн теңге көмек көрсетті
- авторОймақ
- 25 қыркүйек, 2026






