бейсенбі, 24 қыркүйек, 2026 16:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астаналық келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты

Астаналық келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
Астана ПД
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Астанада 23 қыркүйек күні әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Анықталғандай, әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған жарақаттары салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды

Күдікті жедел түрде ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Таралып жатқан ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: күдікті полиция қызметкері емес.

Тергеу барысы Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Кінәлі тұлға заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», – делінген ақпаратта.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар