сәрсенбі, 23 қыркүйек, 2026 9:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

TikTok-тағы балағат: Талдықорған тұрғыны жауапқа тартылды

TikTok-тағы балағат: Талдықорған тұрғыны жауапқа тартылды
Polisia.kz
Оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Әлеуметтік желілерге кезекті мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтады. Құқық бұзушы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында әйелдің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті қайта бұзған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот оның кәмелетке толмаған жас балаларының бар екенін ескере отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Полиция әлеуметтік желілер заң талаптарынан тыс кеңістік емес екенін ескертеді. Көпшілікке арналған тікелей эфирлер барысында жалпыға ортақ әдеп нормаларын сақтау қажет. Бейәдеп сөздер қолдану заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар