жексенбі, 20 қыркүйек, 2026 9:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рената топ жарды

Рената топ жарды
ҰОК
Спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді.

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды.

Спортшы жекелей уақытқа жарыста алтын медаль иеленді.

Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды.

Екінші орын қытайлық Чжан Хаоға бұйырды. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшысы Шин Чиын жайғасты. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарының екі медалі бар. Бұған дейін Арлан Жаңабай ерлер арасында триатлоннан қола медаль жеңіп алған болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар