сейсенбі, 15 қыркүйек, 2026 15:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әділет" партиясының орынбасарлары тағайындалды

"Әділет" партиясының орынбасарлары тағайындалды
Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов, Эльдар Жұмағазиев, Әлия Адамбаева, Ержан Жылқыбаев және Қаныш Төлеушин төраға орынбасарлары лауазымдарына тағайындалды.

«Әділет» партиясының басшылық құрамы айқындалды. Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов, Эльдар Жұмағазиев, Әлия Адамбаева, Ержан Жылқыбаев және Қаныш Төлеушин төраға орынбасарлары лауазымдарына тағайындалды,

Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау мәселелеріне жетекшілік етеді. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған, философия докторы ғылыми дәрежесіне ие. Оның жастар саясаты саласындағы, мемлекеттік органдар мен партиялық құрылымдардағы басшылық қызметтерде жиған мол кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Мәдениет және спорт министрі, Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. Тағайындауға дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

​​Нұрсұлтан Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жетекшілік етеді. Оның кәсіби қызметі сот жүйесімен тығыз байланысты. Ол аудандық сот маманынан бастап, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өтті. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды. Әр жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде және Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетте «құқықтану», «экономика» және «бизнес» мамандықтары бойынша білім алды.

Эльдар Жұмағазиев экономика, салалық және өңірлік даму мәселелеріне жауап береді. Ол Атырау мұнай және газ институтын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады. Әр жылдары Атырау облысындағы ішкі саясат саласында қызмет етіп, «Атырау-Ақпарат» КМК өңірлік медиахолдингін басқарған, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Партиялық жұмыста мол тәжірибесі бар.

​Бұған дейін партия төрағасының орынбасарлары лауазымдарына коммуникация мәселелері жөнінде – Әлия Адамбаева, идеология бағыты бойынша – Ержан Жылқыбаев және цифрландыру мәселелері жөнінде – Қаныш Төлеушин тағайындалған еді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар