жексенбі, 13 қыркүйек, 2026 19:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақмарал Ерекешова Чехияда алтын жеңіп алды

Ақмарал Ерекешова Чехияда алтын жеңіп алды
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл финалдағы бәсекенің өте жоғары болғанын көрсетеді.

Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияда өтіп жатқан Гран-при кезеңінің жеңімпазы атанды. Спортшы құрсаумен орындалатын жаттығуда жоғары нәтиже көрсетіп, 29,150 ұпай жинап, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Ақмаралдың сәтті өнер көрсетуі оған басты қарсыластарынан басып озып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілуге мүмкіндік берді. Бірінші және екінші орын арасындағы айырмашылық небәрі 0,050 ұпайды құрады. Бұл финалдағы бәсекенің өте жоғары болғанын көрсетеді.

Жаттығу қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

Алтын медаль – Ақмарал Ерекешева (Қазақстан, 29,150 ұпай);
Күміс медаль – Полина Карика (Украина, 29,100 ұпай);
Қола медаль – Лола Джураева (Өзбекстан, 27,950 ұпай).

Бұл жеңіс Қазақстан үшін халықаралық аренадағы кезекті маңызды жетістіктердің бірі болды. Ақмарал Ерекешеваның жоғары нәтижесі спортшының шеберлігін ғана емес, оның жаттықтырушыларының кәсіби еңбегін де айқын көрсетеді.

Халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындық спортшыдан үлкен жауапкершілікті, тәртіпті, табандылықты және ұзақ жылғы еңбекті талап етеді. Бұл үдерісте жаттықтырушылар штабының да рөлі ерекше. Гимнастты жарысқа Астана қаласы әкімдігінің №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушылар құрамы дайындады. Соның ішінде аға жаттықтырушы Балгинбаева Меруерт Төлегенқызы мен хореограф Саая Айдыс Алексеевнаның еңбегі зор .Мамандар спортшының техникасын жетілдіріп қана қоймай, оның үйлесімді қимылына, әртістігіне, үйлесімділігі мен өнер көрсету мәнеріне де көңіл бөледі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар