жексенбі, 23 тамыз, 2026 12:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дауыс берушілер легі көбейіп келеді

Дауыс берушілер легі көбейіп келеді
Ал шетелде дауыс беру бұдан да ертерек басталды.

Таң атып, күн көтерілген сайын сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілер легі толастар емес. Дауыс беру бүкіл елді қамтып, сайлау жәшіктерінің жанындағы үйреншікті көріністермен қатар, бұл күнге ерекше реңк беретін оқиғалар да орын алуда, деп хабарлайды OImaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ал шетелде дауыс беру бұдан да ертерек басталды. Жергілікті уақыт бойынша алғашқы болып Сеул мен Токиодағы сайлау учаскелері ашылды.

Ал Алматы облысында сайлау отбасылық шеруге ұласты. Жамбыл Жабаевтың 30-ға жуық ұрпағы ақынның әдеби-мемориалдық музейінің алдына жиналып, сайлау учаскесіне бірге жаяу барды. Сайлаушыларды халық күйлерін орындаған домбырашылар сүйемелдеді, ал ақынның шөберелерінің киімінде «Жамбыл – 180 жыл» деген жазу болды.

Десе де бүгінгі таңдағы ең ерекше оқиғалардың бірі Ұлытау облысында тіркелді. 

Қызылжар ауылының 116 жастағы тұрғыны, елдегі ең қарт кейуана Түймегүл Темірбаева да өз таңдауын жасады. 1910 жылы дүниеге келіп, бір ғасырдан астам ғұмыр кешкен ол Құрылтай депутаттарын сайлауға алғаш рет қатысты.

Сағат өткен сайын мұндай оқиғалар көбейіп, сайлаушылар легі артып келеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар