Instagram-дағы kritika_shymkent парақшасында 17 тамызда Шымкенттегі дендросаябақта жасөспірімдердің қатысы бар оқиға болғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Кассаның дәл жанында фудтрак қызметкерлері бір-бірінің аяғына пышақ сұғып алды. Бұл не деген бассыздық, ата-аналар мен басшылық қайда қарап отыр? Кәмелетке толмаған балалар, ересектерсіз, пышақпен жүр", - делінген жазбада.
"Оқиғаға қатысы барлар анықталды. Пышақ жарақатын алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жанжалдың себептері анықталып жатыр.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда", - деп нақтылады полиция.
Шымкент қалалық ПД өкілдері тексеру нәтижесі бойынша барлық қатысушы тұлғалардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген шаралар қабылданатынын айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






