сейсенбі, 18 тамыз, 2026 12:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада такси жолаушысы 10 тәулікке қамалды

Астанада такси жолаушысы 10 тәулікке қамалды
Фото: ашық дереккөз
Астанада такси жүргізушісіне балағат айтып, қоқан-лоқы көрсеткен жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Астанада такси жүргізушісіне балағат сөз айтып, қоқан-лоқы жасаған жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот мәліметінше, азамат такси қызметін пайдаланған. Сапар аяқталған соң ол жүргізушіге балағат сөздер айтып, көліктен шығудан бас тартқан және қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін полицияға тіркелген.

Сот отырысында азамат кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енбеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар