сейсенбі, 18 тамыз, 2026 12:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

19 жастағы келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

19 жастағы келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды
Коллаж: ult.kz
Марқұмның отбасы бұл оқиғаның шынайы мән-жайы толық анықталып, кінәлілер жауапқа тартылуын қалайды.

19 жастағы Мадинаның қайтыс болуына қатысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кей жазбаларда жас келіншек күйеуімен «Барни» тәттісіне байланысты жанжалдасып, кейін көз жұмды деген ақпарат айтылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында журналист Руслан Өтепбай марқұмның отбасымен кездесіп, жақындарымен сөйлескен.

Айтылған мәліметтерге сәйкес, Мадинаның өліміне бір ғана жанжал себеп болмаған болуы мүмкін. Марқұмның құрбыларының сөзінше, жас келіншек отбасылық өмірінде қиындықтарға тап болған. Олардың айтуынша, күйеуі Мадинаға жиі дауыс көтеріп, қол жұмсаған.

Жақындарының пайымынша, 19 жастағы қыздың қазасына алып келген жағдай ұзақ уақытқа созылған отбасылық түсініспеушіліктермен байланысты болуы мүмкін.

Марқұмның отбасы бұл оқиғаның шынайы мән-жайы толық анықталып, кінәлілер жауапқа тартылуын қалайды.

Оқиғаға қатысты өзге де мәліметтер журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасында жарияланатын сұхбатта айтылмақ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар