дүйсенбі, 17 тамыз, 2026 15:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бақытжан Базарбек асығыс қорытынды жасамауға шақырды

Бақытжан Базарбек асығыс қорытынды жасамауға шақырды
Ulysmedia коллажы
Ол әлеуметтік желіде тараған түрлі болжамдарға жауап бере алмайтынын айтып, істің тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында болған жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол әлеуметтік желіде тараған түрлі болжамдарға жауап бере алмайтынын айтып, істің тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бақытжан Базарбектің айтуынша, жол апатына қатысты қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында өзі мен жұбайы тергеу деректерін жария етпеу туралы қолхат берген.

– Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін, – деді ол.

Бұрынғы депутат қазір өзі үшін ең маңыздысы – жол апатынан зардап шеккен азамат пен оның жақындарына қолдау көрсету екенін атап өтті. Оның сөзінше, отбасы бірнеше күн бойы зардап шеккен азаматтың сауығып кетуін тілеп, туыстарымен бірге болған.

Бақытжан Базарбек сондай-ақ медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлеріне, Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс айтты.

Ол әлеуметтік желілерде тараған түрлі нұсқаларға байланысты жұртты асығыс қорытынды жасамауға үндеді.

– Баршаңызды асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырамын, – деді Базарбек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар