жұма, 14 тамыз, 2026 18:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Доллар бағасы төмендеп жатыр

Доллар бағасы төмендеп жатыр
istockphoto.com
Қазақстан Ұлттық банкінің 14 тамызға белгілеген ресми бағамы – 465,08 теңге.

Қазақстан қор биржасында (KASE) валюта нарығы құралдары бойынша сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,02 теңгені құрап, 1,02 теңгеге төмендеді. Қазақстан Ұлттық банкінің 14 тамызға белгілеген ресми бағамы – 465,08 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 461,04 теңгеден сатып алып, 468,04 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 532,03 теңгеден сатып алуға, 542,03 теңгеден сатуға болады. Ресей рублін 5,17 теңгеден сатып алып, 5,47 теңгеден сатып жатыр.

Алматыда АҚШ валютасын орта есеппен 463,59 теңгеден сатып алып, 467,5 теңгеден сатып жатыр. Еуроның бағамы 532,97–538,11 теңге аралығында болса, рубль 5,31–5,46 теңге аралығында саудалануда.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 463,96 теңгеден сатып алып, 465,96 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 535,0–539,07 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады. Ал рубльдің бағамы 5,29–5,37 теңге шамасында.

13 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 465,08 теңгені құрап, 0,05 теңгеге төмендеген болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар