дүйсенбі, 10 тамыз, 2026 13:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Канадада бір бала белдік тақпағаны үшін әуе рейсі тоқтатылды

Канадада бір бала белдік тақпағаны үшін әуе рейсі тоқтатылды
Magnific.com
Канадада кішкентай баланың қауіпсіздік белдігін тағудан бас тартуы тұтас бір рейстің тоқтауына әкелді. Баланы орнына отырғыза алмаған экипаж ұшақты терминалға кері қайтарған. Ақыры Торонтоға бет алған жолаушылар сапарын келесі күнге шегеруге мәжбүр болды.

Оқиға Британдық Колумбиядағы Виктория халықаралық әуежайында болған. Porter Airlines әуе компаниясының ұшағы Торонтоға аттануға дайындалып жатқанда, жолаушылардың бірі – кішкентай бала өз орнына отырып, қауіпсіздік белдігін тағудан бас тартқан.

Әуе компаниясының мәліметінше, ата-анасы да, экипаж мүшелері де баланы бірнеше рет орнына отырғызып, белдігін тағуға тырысқан. Алайда одан нәтиже шықпады.

Ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтамай сапарды жалғастыру мүмкін болмағандықтан, ұшақ терминалға қайта оралған. Баланың ата-анасы да баласымен және барлық жүгімен бірге борттан түскен.

Бірақ мәселе мұнымен біткен жоқ.

Осы жағдайдан кейін рейс біраз уақытқа кешігіп, түнгі сағат 00:30-ға дейін ұшып үлгермеген. Дәл осы уақытта әуежайдың ұшу-қону жолағы жұмысын тоқтататын болған.

Сөйтіп, бір баланың қауіпсіздік белдігін тақпауы ақыр соңында бүкіл рейстің тоқтатылуына себеп болды. Бортта қалған жолаушылар да ұшақтан түсірілді.

Porter Airlines болған жағдай үшін жолаушылардан кешірім сұрады. Рейс жолаушылары келесі күні Торонтоға ұшатын басқа рейске қайта орналастырылды.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар