сенбі, 8 тамыз, 2026 18:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Украина КҚК нысандарға шабуыл жасамауға уәде берді

Украина КҚК нысандарға шабуыл жасамауға уәде берді
CPC
Бұл туралы АҚШ әкімшілігі өкілдерімен жүргізілген келіссөздерден кейін Bloomberg агенттігі жазды.

Украина Қазақстан мұнайының экспорты тәуелді болып отырған Қара теңіздегі мұнай танкерлері мен инфрақұрылымдарға соққы бермеу туралы міндеттеме алды. Бұл туралы АҚШ әкімшілігі өкілдерімен жүргізілген келіссөздерден кейін Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Уағдаластыққа сәйкес, украин тарапы кеме иелері үшін арнайы байланыс пункттерін ұйымдастырды. Сол арқылы компаниялар кемелердің Қара теңіз арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты бере алады. Алайда бұл жеңілдікке ие болу үшін кеме иелері белгілі бір талаптарды орындауы тиіс: танкер Киевтің санкцияларына ілікпеген, Ресей азаматтарына немесе компанияларына тиесілі болмауы және ресейлік мұнайды тасымалдауға пайдаланылмауы қажет.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) төңірегіндегі жағдай шілде айында ушыққан болатын. Ол кезде қазақстандық мұнайды тасымалдауы тиіс бірнеше танкер теңіз терминалында дрондардың шабуылына ұшырады. Кейіннен ҚР Энергетика министрлігі елдегі мұнай өндірісін қысқартуға тура келгенін хабарлады, ал Қазақстан СІМ бұл шабуылдарды ел мүддесіне нұқсан келтіру деп бағалады.

29 шілдеде КҚК төңірегіндегі бұл жағдайды Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы талқылаған болатын. Тараптар сөйлесу барысында кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін де сөз етті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар