Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдеседі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айша жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді қазақстандық балуан шешуші белдесуде Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен күш сынасады.
Сондай-ақ 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






