сәрсенбі, 29 шілде, 2026 15:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қостанайда ерекше балалар интернатында 14 жастағы бала қайтыс болды

Қостанайда ерекше балалар интернатында 14 жастағы бала қайтыс болды
Фото: freepik
Оқиға 28 шілдеде болған.

Ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Динара Қарымсақова  растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 28 шілдеде болған. Қарымсақованың айтуынша,  баланың сол күнгі жағдайы жақсы болған.

«Дене қызуы көтерілмеген, шағымдар тіркелмеген. Бала белсенділік танытып, түскі асын ішкеннен кейін күндізгі ұйқыға жатқызылған болатын», - дейді ол.

Полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Өлімнің себебі тергеу барысында анықталады.
Ал Қостанай облысы құқық қорғау орталығы 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі бала қатты ыстықтан жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады. Себебі орталық қызметкерлері бөлмелерде салқындатқыштың жоқтығына шағымданған. Алайда бұл ақпарат жоққа шығарылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар