сейсенбі, 28 шілде, 2026 14:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

TikTok-та тікелей эфирлерде балағат айтатындар жауапкершілікке тартылады

TikTok-та тікелей эфирлерде балағат айтатындар жауапкершілікке тартылады
polisia.kz
Әрбір құқық бұзушы заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі цифрлық кеңістікте заңнаманы бұзып, әлеуметтік желіде заңға қайшы контент таратқан тоғыз авторды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, аталған азаматтар TikTok желісіндегі тікелей эфирлерде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер жасаған, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге қолданушыларды қорлаған. Нәтижесінде «Бауырсақ» лақап атымен белгілі Астана тұрғыны Ештаева Индира Оразқызына және Жамбыл облысында «Алтын қыз» деген атпен танылған Қасымова Лайло Джубанышбекқызына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Ал Алматы қаласының тұрғыны Батырбек Ақтөре Сейсембекұлы бес тәулікке, Шымкентте электрошокер қолданып, жалған адам ұрлау көрінісін ұйымдастырған Сейдалиев Данияр сегіз тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ Жамбыл облысында донат жинау мақсатында тікелей эфирде бір-біріне әдейі дене жарақатын салып, «хайп» жасаған Байбек Жарқынай мен Танаберганов Асылжан да жауапкершілікке тартылды.

Осы оқиғаға байланысты ІІМ департамент бастығы – ресми өкілі Шыңғыс Алекешев цифрлық кеңістікті мұндай контенттен тазарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын ескертті.

«Тағы да ескертеміз. Анонимді аккаунттың немесе телефон экранының ар жағында жасырынып қаламын деп ойламаңыздар. Ішкі істер министрлігінде кез келген құқық бұзушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар бар. Осындай әрбір құқық бұзушылық анықталады. Әрбір құқық бұзушы заңға сәйкес жауапқа тартылады», – деді Шыңғыс Алекешев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар