Wildberries-ке шабуыл қазақстандық кәсіпкерлерге 1 мрдр теңгеден астам залал келтірді
- авторОймақ
- Бүгін, 10:42
- 19
Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер зардап шегіп, оларға 1 миллиард теңгеден астам материалдық залал келді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта зардап шеккен сатушылардың толық тізімі мен нақты қаржылық шығын көлемі өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен, жергілікті атқарушы органдармен және салалық қауымдастықтармен бірлесіп анықталып жатыр.
Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің құқықтарын қорғау және өтемақы алу рәсімдерін жеделдету үшін мемлекетаралық байланыс тетіктерін пайдалануды ұсынып, ҚР Сауда және интеграция министрлігіне ресми сауал жолдады.
Сонымен қатар зардап шеккен сатушыларға келтірілген шығынды бағалау және құқықтық қолдау көрсету тәртібін әзірлеу үшін уәкілетті органдар, «Атамекен», Wildberries басшылығы және кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы жұмыс тобын құру ұсынылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






