жексенбі, 26 шілде, 2026 15:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды

Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды
Фото: Алматы ПД
Полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.

Алматының Алмалы ауданында 40 жастағы әйел қаза тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Алматының Алмалы ауданында полицейлер 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты мән-жайды анықтап жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрған көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері пәтерді тексеру кезінде жедел-тергеу тобы тергеу үшін маңызы бар материалдар мен жайттарды анықтағанын хабарлады.

"Тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Оқиғаның толық көрінісі анықталып, ықтимал себептері, марқұмның өмір салты, араласқан ортасы және қайғылы оқиғаға дейін болған өзге де жайттар зерттелуде", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар