дүйсенбі, 20 шілде, 2026 1:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

69 жастағы әйел демаламын деп екі аяғынан айырылды

69 жастағы әйел демаламын деп екі аяғынан айырылды
ЖИ
Катер кері бағытта қозғалған сәтте әйел винттің астына түсіп кеткен.

Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауында демалыс кезінде 69 жастағы әйел катердің винтіне түсіп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Bairaq Media-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Көктұма ауылы маңындағы жағалауда болған. Катер кері бағытта қозғалған сәтте әйел винттің астына түсіп кеткен.

Оқиға орнында куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйел көп қан жоғалтып, травмалық шок жағдайына түскен. Шұғыл операция барысында оның екі аяғының төменгі бөлігі ампутацияланған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, оған тәулік бойы медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар