Аңызға айналған актер Джеки Чан қазақстандықтарды қарапайымдылығымен тағы да таңғалдырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы оны Ақтаудағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде ешқандай күзетсіз әрі еріп жүрген адамдарсыз серуендеп жүрген жерінен байқаған.
Куәгерлердің айтуынша, актер алдымен дүкен сөресіне барып, жаңа піскен нан сатып алған. Бірнеше минуттан кейін ғана сауда орталығына келгендер әлемге әйгілі жұлдызды танып, оның маңына суретке түсуге ниет білдірген жанкүйерлер жиналды.
Еске салайық, Джеки Чан Қазақстанға «Құдайдың сауыттары» («Доспехи Бога») фильмінің жалғасын түсіруге келген. Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында өтуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






