Иранда елдің Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі аяқталды. Бірнеше күнге созылған қаралы шараның соңғы кезеңі Мешхед қаласында өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Әли Хаменеи мен оның отбасы мүшелері Мешхедтегі қасиетті кесенеге жерленді. Осылайша ел бойынша өткен қаралы шерулер мен аза тұту рәсімдері қорытындыланды.
IRNA агенттігінің мәліметінше, жерлеу алдында кешкі уақытта қаланың басты қасиетті орнында жаназа намазы оқылды. Рәсімді марқұмның үлкен ұлы Мостафа Хосейни Хаменеи басқарды. Мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, жаназаға Хаменеидің өзге ұлдары мен оның кеңсесінің басшысы Мохаммад Мохаммади-Гольпаегани де қатысты.
Қаралы шеруге мыңдаған адам жиналды. Кейбір қатысушылар АҚШ-қа қарсы ұрандар жазылған транспаранттар ұстап шықты.
Ал Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы саналатын Моджтаба Хаменеи жерлеу рәсіміне ресми түрде қатысқаны туралы мәлімет жарияланған жоқ. Дегенмен CNN мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада діни қызметкердің киімін киген белгісіз адамның рәсімді сырттай бақылап тұрғаны көрінеді. Кейбір желі қолданушылары оның Моджтаба Хаменеи болуы мүмкін деген болжам айтқанымен, бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.
Айта кетейік, аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе операциясы кезінде қаза тапқаны хабарланған болатын. Алғаш болып бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеген. Кейін Тегеран бастапқыда ақпаратты жоққа шығарғанымен, араға бірнеше сағат салып Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Жоғарғы көшбасшының қаза болғанын ресми түрде растады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді
- авторОймақ
- 7 шілде, 2026






