Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайына қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы прокуратурасы көмекшісінің мәліметінше, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев жасаған қылмысты жасырды деген күдікті растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған.
Осыған байланысты Ақбаян Мұқанғалиеваға тағылған адам өлтіру айыбы қылмыс құрамының болмауына байланысты алынып тасталды.
Сонымен қатар оның аса ауыр қылмысты жасырды деген күдікке қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген. Алайда бұл іс бойынша тергеу де кейін тоқтатылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





