сейсенбі, 7 шілде, 2026 15:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үндістанда 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді

Үндістанда 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді
Фото: видеодан скрин
Үндістанның Баруйпур қаласында 12 жастағы қыздың өлімі жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Қыздың мәйіті тоғаннан табылған қаптың ішінен шыққан. Осыдан кейін ашуға булыққан ауыл тұрғындары қылмысқа қатысы бар деп күдіктенген жігітті ұстап алып, аяусыз соққыға жыққан. Жергілікті ақпаратқа сәйкес, ол құқық қорғау органдарына қылмыс болған жерді көрсеткендіктен күдікке ілінген.

Ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.

Кейін тұрғындардың наразылығы полициямен қақтығысқа ұласты. Наразылық білдірушілер теміржол қозғалысын бөгеп, бірнеше автокөлікті бүлдірген.

Билік бұл іске қатысы бар деген күдікпен үш адамды қамауға алғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары кінәлілер заң аясында ең қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар