дүйсенбі, 6 шілде, 2026 12:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада ер адам Есілге құлап кетті

Астанада ер адам Есілге құлап кетті
ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Астанада құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен 27 жастағы ер адамды судан аман алып шықты, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 шілде күні елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы Есіл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, мас күйде болған ер адам «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде селфи жасамақ болып, тайып кетіп, өзенге құлаған.

Оған алғаш болып жақын маңда жүрген серуендеу теплоходының экипажы көмекке келген. Олар ер адамға құтқару шеңберін лақтырып, жағалауға жақындатқан.

Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар оны құтқару қайығына шығарып, жедел-құтқару жасағының базасына жеткізді.

1998 жылы туған азамат сол жерде жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жағдайы қанағаттанарлық.

Төтенше жағдайлар министрлігі әсерлі сурет үшін өмірге қауіп төндірмеуге шақырды. Сондай-ақ су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоршаудан аспауға, су жиегіне тым жақындамауға, әсіресе алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда абай болуға кеңес берді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар