дүйсенбі, 29 маусым, 2026 13:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Полицейдің өлімі: күдікті балалар үйқамаққа жіберілді

Полицейдің өлімі: күдікті балалар үйқамаққа жіберілді
gov.kz
Бұл жайттар істің мән-жайын толық анықтау үшін ескерілуі тиіс.

Алматы облысында қаза тапқан 37 жастағы полиция офицері Аслан Әлсеровтің өліміне күдікті деп танылған оның балалары сот шешімімен үйқамаққа алынды. Бұл туралы күдіктілердің адвокаты Гауһар Сарыева өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Үйқамаққа алынған жасөспірімдердің жүріс-тұрысын бақылау мақсатында оларға арнайы электронды білезік тағылып, тұрғылықты үйлеріне бейнебақылау камералары орнатылады. Қорғаушы тарап сот отырысында балалардың ұзақ уақыт бойы отбасында жүйелі зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріп келгенін алға тартқан.

Адвокат Гауһар Сарыеваның айтуынша, бұл жайттар болған оқиғаны ақтау үшін емес, істің мән-жайын толық анықтау үшін ескерілуі тиіс.

"Балалар оқиғаның куәгері ғана емес, өздері де зорлық-зомбылыққа ұшыраған болуы ықтимал", – деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, өткен аптада Алматы облысы аумағынан өртенген көліктің ішінен полиция офицері Аслан Әлсеровтің мәйіті табылған болатын. Жедел іздестіру шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның өз балалары ұсталған еді. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар