дүйсенбі, 22 маусым, 2026 14:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әл-Фарабидегі апат: прокурор айыпталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Әл-Фарабидегі апат: прокурор айыпталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
Коллаж: Qaz365.kz
Қайғылы жол апаты биыл 21 наурызға қараған түні болған.

Алматыда үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты сот жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, оны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруды талап етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Прокурор Әлібек Күмісбеков сотта бұл қайғылы оқиға кездейсоқ жағдай емес екенін айтты. Оның сөзінше, айыпталушы бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған. Ал мас болып, жоғары жылдамдықпен көлік жүргізгендіктен үш адамның өмірі қиылған.
Сонымен қатар сот барысында марқұм Томиристің әкесі қызының өлімі үшін 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді сұрады. Қорғаушылар сотта әкенің хатын оқып берді. Онда Томиристің оның өміріндегі ең қымбат жан болғаны, қызының болашақта отбасын құрып, ана атанғанын көруді армандағаны айтылған.

Алайда Александр Пактың адвокаты бұл талапты қанағаттандырмауды сұрады. Қорғаушының айтуынша, марқұмның анасы бұған дейін кінәлі тараптан өтемақы алған.

Еске салайық, бұған дейін Томиристің әкесі сотта Пакты ешқашан кешірмейтінін мәлімдеген еді. Қайғылы жол апаты биыл 21 наурызға қараған түні болған. Тергеу мәліметінше, Zeekr көлігін басқарған Александр Пак мас күйінде қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Mercedes көлігіндегі үш адам оқиға орнында қаза тапты.

Сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы оның жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген. Сот үкімі кейінірек жарияланады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар