дүйсенбі, 22 маусым, 2026 15:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әділет" партиясының өңірлік филиалдары құрылды

"Әділет" партиясының өңірлік филиалдары құрылды
«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.

«Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмыстарын толық аяқтады. Партияның аумақтық бөлімшелері еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Филиалдарды тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін партия өңірлік деңгейдегі басқару органдарын жасақтау кезеңіне кірісті. Болашақта барлық филиалда төрағалар мен басшылық органдарды сайлау рәсімі өткізіліп, бастауыш партия ұйымдарын құру жұмыстары басталады.

Аумақтық желіні қалыптастыру– партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған.

«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар