бейсенбі, 18 маусым, 2026 17:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сәрсемалиев соты: тың деректер айтылды

Сәрсемалиев соты: тың деректер айтылды
Коллаж: ult.kz
Бүгін кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев сот-медициналық сарапшы Ержан Сидешовке марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің қолы денесінен бөлініп шыққаны туралы пікірін сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистер сот залынан видеодюлар жариялап жатыр. Айта кетейік, бүгін кезекті сот отырысы. 

18 маусымда Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысы жалғасты. Бұл жолы сотта сот-медициналық сарапшы Ержан Сидешовтен жауап алынды.  

Айыпталушы сарапшыдан марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің қолының денесінен бөлініп шығуына не себеп болғаны туралы пікірін сұрады. Сарапшы жарақаттардың сипаты мен мәйітке жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша түсініктеме берді. Сот отырысында тараптар сараптама нәтижелеріне қатысты бірқатар нақтылау сұрақтарын қойды.  

Сәрсемәлиев бұған дейінгі сот отырыстарында төрт адамды қасақана өлтіргенін мойындап, қылмысқа отбасылық жанжалдар себеп болғанын мәлімдеген. Тергеу экспериментінің бейнежазбалары мен басқа да дәлелдер сотта зерттеліп жатыр.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар