бейсенбі, 18 маусым, 2026 16:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Роналду бастаған Португалия Конго құрамасын жеңе алмады

Роналду бастаған Португалия Конго құрамасын жеңе алмады
Фото: FIFA
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Португалия құрамасы Конго ДР құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады.

К тобы аясындағы кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы NRG Stadium аренасында өтті, деп хабарлады Informsport. Португалиялықтар есепті матчтың 6-минутында ашты. Педру Нетудың сол қанаттан асырған пасын Жоау Невеш баспен дәл бағыттап, командасын алға шығарды.

Алайда бірінші таймға қосылған уақытта Конго ДР таразы басын теңестірді. Бұрыштамадан кейінгі шабуылда Йоан Висса баспен гол соғып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл ДР Конго құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы голы болды.

Екінші таймда Роберто Мартинес шәкірттері допқа көбірек иелік етіп, шабуылды үдеткенімен, қарсыластың қорғанысын бұза алмады. Ал конголықтар қарымта шабуылдарға сенім артып, өз қақпаларын аман сақтап қалды.

Матчқа толық қатысқан Криштиану Роналду әлем чемпионаттарында алты рет өнер көрсеткен тарихтағы екінші футболшы атанды. Осы көрсеткіш бойынша ол Аргентина жұлдызы Лионель Мессидің жетістігін қайталады.

Осылайша екі команда да топтық кезеңді бір ұпаймен бастады. Келесі турда Португалия құрамасы 23 маусым күні Өзбекстанмен кездессе, Конго ДР сол күні Колумбиямен жолығады.

Әлем чемпионаты-2026. К тобы. 1-тур

Португалия –Конго ДР – 1:1 (1:1)

Голдар: Жоау Невеш, 6 (1:0), Йоан Висса, 45+5 (1:1).

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар