Әлеуметтік желіге тыйым: Ұлыбритания 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге шектеу енгізбек
- авторОймақ
- Бүгін, 20:30
- 16
Ұлыбритания үкіметі әлемдегі ең қатаң цифрлық шектеулердің бірін енгізуге дайындалып жатыр. Жаңа бастамаға сәйкес, 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге TikTok, Instagram, X және басқа да ірі әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz theguardian.com-ға сілтеме жасап.
Премьер-министр Кир Страмер бұл шешімді балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейту мақсатында ұсынып отыр. Үкімет өкілдерінің айтуынша, жаңа ережелер әлеуметтік желілермен ғана шектелмейді.
Жоспарға сәйкес, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін түнгі уақытта шексіз лента қарауды шектеу көзделген. Сонымен қатар романтикалық немесе интимдік сипаттағы жасанды интеллект чатботтарына қол жеткізуге де тыйым салынбақ.
Шектеулер ойын платформалары мен мессенджерлерге де әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, балалардың бейтаныс адамдармен хат алмасу мүмкіндігі алынып тасталып, хабарламалардың өздігінен жойылуы және геолокациямен бөлісу сияқты функциялар шектелуі ықтимал.
Ұлыбритания билігінің мәліметінше, қоғамдық талқылауға қатысқан ата-аналардың 90 пайызға жуығы әлеуметтік желілерге кірудің ең төменгі жасын 16 жас деп белгілеуді қолдаған. Сондай-ақ респонденттердің басым бөлігі мұндай шаралар балаларды зиянды контенттен қорғауға көмектеседі деп есептейді.
Егер бастама қабылданса, Ұлыбритания Australia тәжірибесіне сүйенген екінші мемлекетке айналады. Австралия 2025 жылы 16 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік желілерге ұлттық деңгейде шектеу енгізген алғашқы ел болған еді.
Алайда технологиялық компаниялар мен кейбір сарапшылар бұл шешімді сынға алып отыр. Олардың пікірінше, толық тыйым балаларды бақылаусыз және қауіптірек платформаларға көшуге итермелеуі мүмкін. Сонымен қатар жас шектеулерін тексеру үшін пайдаланушылардан жеке куәлік немесе биометриялық деректер сұрату құпиялылыққа қатысты жаңа мәселелер туындатуы ықтимал.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






