дүйсенбі, 15 маусым, 2026 12:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Си Цзиньпинді туған күнімен құттықтады

Тоқаев Си Цзиньпинді туған күнімен құттықтады
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент өз жеделхатында Си Цзиньпиннің Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының қазіргі «алтын отызжылдық» кезеңінде екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқыны сақталып, жаңа бағыттар бойынша дами беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, достас Қытай халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар