сенбі, 13 маусым, 2026 16:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рыбакина Лондондағы турнирін аяқтаған соң Instagram желісіндегі аккаунтын уақытша жапты

Рыбакина Лондондағы турнирін аяқтаған соң Instagram желісіндегі аккаунтын уақытша жапты
әлеуметтік желі
Әзірге спортшының өзі аккаунтын не себепті жапқаны туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтағаннан кейін Instagram желісіндегі аккаунтын уақытша жапты.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мұндай шешімге британдық Кэти Бултерден жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде көбейген жағымсыз пікірлер себеп болуы мүмкін.

Хабарланғандай, турнирден шығып қалғаннан кейін Рыбакина әлеуметтік желілерде көптеген қорлау сөздері мен қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар ала бастаған. Теріс пікірлердің бір бөлігі матч нәтижесіне көңілі толмаған қолданушылардан, сондай-ақ қазақстандық теннисші мен британдық спортшының кездесуіне бәс тіккен адамдардан түскені айтылып отыр.

Әзірге спортшының өзі аккаунтын не себепті жапқаны туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалында Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерге есе жіберіп, жарысты аяқтаған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар