Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы жарияланды.
Kurs.kz порталының дерегіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары 486,01 теңгеден қабылданып, 493,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 563,03 теңге, сату бағамы – 573,00 теңге. Ресей рублі 6,49 теңгеден қабылданып, 6,80 теңгеден ұсынылуда. Ал Қытай юані 68,86 теңгеден сатып алынып, 73,95 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 488,83–491,50 теңге аралығында қалыптасты. Еуро 564,46 теңгеден сатып алынып, 569,46 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,53–6,65 теңге аралығында болса, юань 70,47–73,02 теңге аралығында саудалануда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






