жұма, 12 маусым, 2026 0:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Динара Закиеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Динара Закиеваны қабылдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады. Кездесуде елімізде бала құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың есебі тыңдалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Динара Зәкиеваның мәлімдеуінше, биыл елде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау шараларын жүйелейтін «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданған. Осы құжат негізінде бала құқықтарын қорғауды күшейтетін 158 шарадан тұратын бес жылдық іс-қимыл жоспары әзірленді. Сонымен қатар, уәкіл облыс әкімдіктерінде Балалар құқығын қорғау басқармаларын құру жұмысы аяқталып, олардың құзыреттері ұлттық заңнамада ресми бекітілгенін жеткізді. Биылдың өзінде 9 өңірдегі балалардың психологиялық ахуалына мониторинг жүргізілген.

Есепте ерекше назар аударылған тұс — мектептердегі тікелей байланыс құралдарының жұмысы болды. Мектептерге енгізілген «QR-111» жүйесі балалардың құқықтарының бұзылу фактілерін жедел анықтауда жоғары тиімділік көрсеткен. Жүйе іске қосылған 2024 жылдың қазан айынан 2026 жылдың маусымына дейінгі аралықта балалардан 167 мың хабарлама мен 4 523 қоңырау келіп түскен. Кездесу соңында Президент «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру үшін Үкімет пен жергілікті органдардың күш-жігерін біріктіру маңызды екенін шегелеп айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар