дүйсенбі, 1 маусым, 2026 16:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ресейлік журналист Шайдоровтың жалақы дауына қатысты пікір білдірді

Ресейлік журналист Шайдоровтың жалақы дауына қатысты пікір білдірді
Jamie Squire/Getty Images. Суретте: Михаил Шайдоров
Бұл туралы "Чемпионат" басылымына жариялаған.

Ресейлік "Чемпионат" басылымының журналисі Анастасия Рацкевич қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан, мемлекеттік құрылым өкілдері оны тезірек шешуге тырысуы мүмкін.

"Қоғамдық пікірді ескерсек, мемлекеттік құрылым өкілдері бұл мәселені мүмкіндігінше тез жабуға мүдделі болатыны анық. Бірақ, шамасы, бүкіл жағдай Михаилдың жаңа келісімшартындағы "міндеттеме" деген тармаққа байланысты туындаған сияқты. Мәнерлеп сырғанау спортында мұндай талаптар шынымен түсініксіз көрінеді. Себебі келесі Олимпиада тек төрт жылдан кейін өтеді. 2030 жылға қарай не болатынын ешкім алдын ала білмейді: спортшының жаңа сын-қатерге моральдық күші жете ме, денсаулығы сыр бермей ме, сол уақытта бәсекелестік қандай болады – мұның бәрін қазір нақты айту мүмкін емес. Сондықтан Шайдоровтың бұл тармаққа қатысты түсінбеушілігі орынды көрінеді", – деп жазды автор.

Рацкевич тараптар бәріне тиімді болатын жаңа келісімге келе алады деп үміттенетінін жеткізді. Оның сөзінше, ең бастысы – Михаилдың мансабын алаңсыз жалғастыруына мүмкіндік беру.

"Ең соңғы жағдайда біз мәнерлеп сырғанаушыларын қатты жақсы көретін бір елді білеміз. Оның үстіне Шайдоровтың сол ел аумағында жаттығу тәжірибесі бар. Дегенмен спортшының өз айтуынша, Сочиде оған әрдайым жайлы бола бермеген", – деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында ақпан айынан бері ҚР Спорт министрлігінен өзіне тиесілі жалақыны және маусымға дайындықты ұйымдастыруға уәде етілген төлемдерді ала алмай жүргенін айтқан болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар