жексенбі, 31 мамыр, 2026 22:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада бойжеткен тоғызыншы қабаттан секірмек болыпты

Астанада бойжеткен тоғызыншы қабаттан  секірмек болыпты
ТЖМ
Құтқарушылар пәтер есігін ашып, жасөспірімді қауіпті жерден алып шығып, қауіпсіз аймаққа жеткізді.

Астанада құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды. 31 мамыр күні таңертең төтенше қызметтерге Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің тоғызыншы қабатындағы пәтер терезесінің алдына шыққан 16 жастағы қыз туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу жеткен. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде үйдің жанына биіктіктен құтқару операцияларында қолданылатын арнайы «өмір кубы» орналастырылды.

Құтқарушылар пәтер есігін ашып, жасөспірімді қауіпті жерден алып шығып, қауіпсіз аймаққа жеткізді.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында 2010 жылы туған жасөспірім құтқарылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар