Атырау облысындағы автожолда жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жасалып жатыр.
Ведомство ақпаратына сай, 29 мамырда Индер ауданындағы Индер-Қарабау автожолының бір бөлігінде Hyundai Sonata автокөлігі көлікті басқара алмай, нәтижесінде көлік құралы аударылып қалды.
Оқиға орнында 41 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы қайтыс болды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қажетті материалдар жиналып, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жасалып жатыр.
Атырау облысы полиция департаменті жүргізушілерден жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




